Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда су басқан үйін көруге кеткен әкесі мен баласы табылмай жатыр: ТЖД ақпарат берді

Опубликовано:

Құлсары
Су басқан Құлсары. Көрнекі фото: Telegram/ҚР ТЖМ

Атырау облысы Құлсары қаласында құтқарушылар үйлерді су басу кезінде жоғалған әкесі мен ұлын таппай жатыр. Облыстық ТЖД оларды іздеу жұмысы қалай жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, 6 сәуірде Жылыой ауданы Құлсары қаласы 4-ықшам ауданындағы Автодорожник көшесінде орналасқан үйдің тұрғындары – 1976 жылы және 2000 жылы туған әкелі-балалы екі ересек адам су басқан үйін қарауға барып, сол уақыттан бері хабарсыз кеткен.

ТЖД өкілдері құтқарушылар жоғалғандарды қалай іздеп жатқаны туралы айтты.

"Хабарлама түскен бойда құтшарушылар аталған мекенжайға барды. Үйдің есігі құрылыс көбігімен бекітілгендігі анықталды. Аталған шақырту бойынша 6 сәуір күні сағат 20:57-де бес қайық, бір техника (трэкол) жұмылдырылып, құтқарушылар тәулік бойы іздестіру жұмысын жүргізді. Қазіргі таңда іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, бес жүзу құралы және бір техника (трэкол) жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда", - делінген хабарламада.

Атырау облыстық ТЖД өкілі Құлсары қаласында 6 сәуір күні су басу салдарынан шақыртулар көп түскенін айтады. Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланған уақыттан 7 сәуірге дейін 26 467 тұрғын, оның ішінде 5976 бала эвакуацияланған.

Еске сала кетейік, бұған дейін суда қалған үйін тексеруге шығып, жоғалып кеткен әкелі-балалы құлсарылық Болатбек Ермекбаев пен Асылхан Нұржаудың жақындары жанайқайын жеткізген болатын. Жоғалып кеткен ер адамның қызы Диана Нұржауованың сөзінше, екі азаматты іздеу кезінде жергілікті жауаптылар селқостық танытқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081522-qulsaryda-su-basqan-uiin-koruge-ketken-akesi-men-balasy-tabylmai-zatyr-tzd-aqparat-berdi/

pixel