Жер сілкінді: Алматыда 2 балл, Кеген мен Райымбек аудандарында 3 балл
Жарияланған күні:
Алматылықтар 2 балл болатын жер сілкінісін сезді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"10 сәуірде 19-58-де Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллдық нақтылануда", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.
Кейінірек "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ҚР ТЖМ ЖШС мәлімет берді.
- Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 километрде болған, афтершок.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6.
- MPV магнитудасы 6.0.
- Эпицентрдің координаттары 41.37° С. Е. 82.23° ш. б.
- Тереңдігі 10 км.
- Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары 3 балл.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5,7-ге тең болған.
Айта кетейік, бүгін, 10 сәуірде сағат 10:57-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Сейсмоинституттағылар бұл жағдайды афтершок деген. Алайда Қазақстан аумағында сезілмеген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2082596-almatylyqtar-zer-silkinisin-sezdi/