jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Жер сілкінді: Алматыда 2 балл, Кеген мен Райымбек аудандарында 3 балл

    Алматы қаласы
    Алматы қаласы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматылықтар 2 балл болатын жер сілкінісін сезді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "10 сәуірде 19-58-де Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллдық нақтылануда", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

    Кейінірек "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ҚР ТЖМ ЖШС мәлімет берді.

    • Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 километрде болған, афтершок.
    • Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6.
    • MPV магнитудасы 6.0.
    • Эпицентрдің координаттары 41.37° С. Е. 82.23° ш. б.
    • Тереңдігі 10 км.
    • Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары 3 балл.

    Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5,7-ге тең болған.

    Айта кетейік, бүгін, 10 сәуірде сағат 10:57-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Сейсмоинституттағылар бұл жағдайды афтершок деген. Алайда Қазақстан аумағында сезілмеген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.