Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаскелеңде қоймадан өрт шықты: үш адам ауруханаға жеткізілді (видео)

Опубликовано:

Қаскелеңдегі өрт
Қаскелеңдегі өрт. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алматы облысы Қаскелеңдегі қоймадан шыққан өрттен үш адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"17-50-де өрт сөндірілді. Алдын ала өрттің ауданы 870 шаршы метр, 3 адам ауруханаға жатқызылды.

Өрттің алдын ала себебі – технологиялық процестің бұзылуы", - делінген ведомствоның Telegram-дағы парақшасында жарияланған хабарда.

Еске салайық, бүгін желіде Алматы облысындағы өрттің кадрлары жарияланған. Кейін бұл Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында болған өрт екені белгілі болды. Құрылысы жүріп жатқан бір қабатты қоймадан өрт шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2082623-qaskelende-qoimadan-ort-syqty-us-adam-auruxanaga-zetkizildi-video/

pixel