Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде қарт әйелді көлік қағып кетті
Жарияланған күні:
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде 76 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Ол алған жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне бүгін қалада жол-көлік оқиғасы болғанын, салдарынан жаяу жүргінші қаза болғанын растады.
"Жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өтіп бара жатқан 76 жастағы әйелдің өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.
Айта кетейік, 14 ақпанда Павлодарда автокөлік жүргізушісі аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарды қағып кеткен еді. Оқиға Назарбаев даңғылында болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083337-almatyda-zayau-zurginsiler-otkelinde-qart-aieldi-kolik-qagyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.