"30 мыңға жуық тұрғынның өміріне қауіп төніп тұр": Алматыда селді ұстайтын бөгетті салған мердігерге қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы "Ақсай" бассейніндегі сел ұстайтын бөгетті тексерді. Нәтижесінде мердігердің нысан құрылысы бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты заңбұзушылықтар анықталды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексерген. Тексеру нәтижесінде мердігердің аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір заңбұзушылықтар анықталған. Соның салдарынан Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төнген.
Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне беру туралы мәселе көтерілген.
"Соның нәтижелері бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083493-30-mynga-zuyq-adamnyn-omirine-qauip-tongen-tzd-almatydagy-sel-ustaityn-bogetke-qatysty-malimdeme-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.