Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да топырақ көшкіні жүріп, тасжолдың бір бөлігі опырылды

Опубликовано:

Көшкін
Көшкін. Видеодан кадр: yk-news.kz

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы Теректі – Ұрынхай – Төсқайың облыстық маңызы бар жолының 13-шақырымында топырақ көшкіні жүрді. Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгін таңда Теректі – Ұрынхай – Төсқайың облыстық маңызы бар жолының 13-шақырымында "Мраморное" асуы маңында топырақ көшкіні жүрген.

Қазіргі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы жабылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде.

"Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды.

Топырақ көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған", - дейді облыстық әкімдік өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083613-sqo-da-topyraq-koskini-zurip-taszoldyn-bir-boligi-opyryldy/

pixel