Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебінің оқушысы көз жұмды
Жарияланған күні:
Ақтөбелік полицейлер Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкерлерін тергеуге шақырды. 8-сынып оқушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Оқиға 11 сәуірде сағат 21:30 шамасында Ақтөбе қаласы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жатақханасында болды. Бұл деректі облыстық спорт басқармасы растады.
"14 жастағы 8-сынып оқушысы 2022-2023 оқу жылы 7-сыныпқа еркін күрес тобына қабылданды. 11 сәуірде кешкілік жатақханада жасөспірім талып қалған. Жедел жәрдем шақырылды. Оқушы ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.
Қазіргі уақытта баланың қандай себептен қайтыс болғандығы анықталып жатыр", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық спорт басқармасының өкілдері.
Ақтөбелік полицейлер 14 жастағы баланың өліміне қатысты тергеу амалдарын бастады.
"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты мiндеттерiне адал қарамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалды", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автор: Ардақ Ерубаева
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083649-aqtobede-olimpiadalyq-rezerv-mektebinin-oqusysy-koz-zumdy/