Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ер адам орындықта отырған әйелге тап берген (видео)

Опубликовано:

Ер адам орындықта отырған қызға шабуыл жасағалы тұр
Қызға тап берген ер адам. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Желіде белгісіз біреу орындықта отырған әйелге жақындап, оны күшпен ұстап алуға тырысқаны көрсетілген видео тарады. Алматы полиция департаментінің өкілдері осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланған видеода ер адам орындықта отырған әйелге жақындап келеді. Дәл осы сәтте әйел қашуға тырысады, бірақ онысынан ештеңе шықпайды. Ер адам әйелді шашынан, қолынан тартып, күш күрсетеді.

Пост авторының мәліметінше, бұл оқиға Алматыда 10 сәуірде болған.

Қалалық полиция департаменті өкілі осы жайтқа қатысты NUR.KZ тілшісіне түсініктеме берді.

"Әйелге дене жарақатын келтіру фактісі бойынша тергеу басталды, ер адам ұсталып, жауапкершілікке тартылуда", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2083661-almatyda-er-adam-oryndyqta-otyrgan-aielge-tap-bergen-video/

pixel