Ақтөбе олимпиадалық резерв мектебінде оқушы көз жұмды: күдікті ұсталды
Жарияланған күні:
11 сәуірде Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебінде 14 жастағы оқушы есінен танып, көз жұмды. Бүгін полицейлер күдікті ұсталғанын мәлім етті, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 11 сәуірде болған. 8-сынып оқушысы суға шомылып келіп, есінен танып қалған. Кейін ол ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.
Полицейлер денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Бүгін Ақтөбе облысының полиция департаменті журналистерге күдікті анықталып, ұсталғанын мәлім етті. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
ПД өкілдері басқа мәліметтерді жарияламады.
Басылым өкілдерінің жазуынша, марқұмның әпкесі інісін жоғары сынып оқушылары ұрып-соққан деп айтқан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2084615-aqtobe-olimpiadalyq-rezerv-mektebinde-oqusy-qaza-tapty-kudikti-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.