Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда тұрғынға пышақпен шабуыл жасады деген күдікті ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ұсталған күдікті
Ұсталған күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарағанды аудандарының бірінде ер адамға пышақпен шабуыл жасалды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің дерегінше, 13 сәуірде Қарағандының 15-ықшамауданда 43 жастағы ер адам пышақталған. Ол ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 47 жастағы күдіктіні анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушысына пышақ жарақатын салды деп күдікке ілінген ер адам екі айға қамауға алынғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2084900-qaragandyda-turgynga-pysaqpen-sabuyl-zasady-degen-kudikti-ustaldy-video/