Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда өгей ұлын ұрып өлтірді деп айыпталған 20 жастағы жігіт сотта жауап берді

Опубликовано:

Сотта жауапқа алынған айыпталушы
Айыпталушы. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Алматыда төрт жасар өгей ұлын ұрып өлтірді деп айыпталған жас жігітке қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарна тілшісінің мәлімдеуінше, бала, анасы және баланы ұрып өлтірді деп айыпталып отырған Дархан Дәулетов Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде бірге тұрып жатқан. Оқиға болған күні келіншек 19 жастағы жігітіне ұлын тапсырып жұмысына кеткен.

"Бір рет жанбас тұсынан, құйрығынан алақанмен ұрғаным бар, оны растаймын және де сол уақытта қолды-аяққа тұрмай, бой бермей, подъезде ары-бері жүгіріп, балабақшаға бармай, қарсылығын білдіртіп, мен есікті құлыптап жатқан кезде, ол абайсызда баспалдақтан құлап кеткен болатын. Құрметті сот, қаза келтіру мүлде ойымда болған емес, болмады, қатты күш көрсеткен емеспін", - деді сотта айыпталушы Дәулетов.

Балабақша тәрбиешісінің сөзінше, балабақшаға барғанда құсқан бала әкесі (өгей әкесі – ред. ескертпесі) ұрғанын айтқан.

"Күнделікті қабылдау болды, сосын бас киімін, киімін шеше бастадым. Сол кезде баланың бетінің ұрылғанын көрдім. "Сен кеше не жедің, құсып жатырсың ғой, саған не болды?" деген кезде, "папа ударил" деді, тек қана айтқан бір сөзі сол. Бетіне үңіліп, жақсылап қараған кезде саусақтың ізі екенін білдік", - дейді балабақша тәрбиешісі Құралай Әбілдаева.

Баласын алып кетуге барған анасы меңгерушіге оның астан уланғанын айтқан.

"Құсқан себебі не?" деп сұрадым, анасы "KFC жеді" деді. "Басын түсірдіңіздер ме, миы шайқалмаған ба?" деп сұрадым, "жоқ" деді. Орналасу барысында Хантөрені әкелгенде бір жақ қасында жарасы болды, анасынан бірден сұрағанда сырғанақтан құлағанын айтты", – дейді балабақша меңгерушісі Әйгерім Уәлиханова.

Телеарна ақпаратынша, тергеу нұсқасында айыпталушы балаға оннан аса соққы жасағаны айтылған.

Бауыры мен бүйрегі езіліп, ішегі үзіліп кеткен бүлдіршін жансақтау бөлімінде көз жұмған. Марқұмның туған әкесі айыпталушының бұндай қылмысқа баруына "қызғаныш" себеп болғанын айтып отыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2085413-almatyda-ogei-ulyn-uryp-oltirdi-dep-aiyptalgan-20-zastagy-zigit-sotta-zauap-berdi/

pixel