Өскеменде зейнеткер әйел көшеде қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомКеше, 15 сәуірде Өскемендегі Славский жағалауында жүрген адамдар ес-түссіз жатқан егде жастағы әйелді байқаған. ШҚО полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды YK-news.kz.
Желілік басылымның жазуынша, оқиға куәгерлері алдымен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның қайтыс болып кеткенін хабарлаған. Кейін әйелдің жасы 69-да болғаны анықталды.
Жедел жәрдем қызметкерлері болған жайтты полицияға хабарлаған. ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
"Сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткердің жүрегі тоқтап қалған", - деді полиция қызметінің өкілдері.
Бұған дейін Орал қаласының орталығында ер адамның көзге көрінетін жарақаттары бар мәйіті табылғанын жазған едік. Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2085638-oskemende-zeinetker-aiel-kosede-qaitys-boldy/