Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде зейнеткер әйел көшеде қайтыс болды

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем
Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Кеше, 15 сәуірде Өскемендегі Славский жағалауында жүрген адамдар ес-түссіз жатқан егде жастағы әйелді байқаған. ШҚО полиция департаменті осы жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды YK-news.kz.

Желілік басылымның жазуынша, оқиға куәгерлері алдымен жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оның қайтыс болып кеткенін хабарлаған. Кейін әйелдің жасы 69-да болғаны анықталды.

Жедел жәрдем қызметкерлері болған жайтты полицияға хабарлаған. ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Сараптамалар тағайындалды. Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткердің жүрегі тоқтап қалған", - деді полиция қызметінің өкілдері.

Бұған дейін Орал қаласының орталығында ер адамның көзге көрінетін жарақаттары бар мәйіті табылғанын жазған едік. Полицейлер бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2085638-oskemende-zeinetker-aiel-kosede-qaitys-boldy/