Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жолда көлігімен қауіпті маневр жасаған жүргізуші іздестіріліп жатыр (видео)

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде алматылық тұрғынның көлік тізгіндеген видеосы пайда болды. Ол көлік ағылып жатқан жолда қауіпті маневрлер жасаған. Полицейлер оның кім екенін анықтап, айыппұл салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланды. Видеодан жүргізушісінің тапа-тал түсте Алматыдағы көшелердің бірінде қауіпті маневр жасап, басқа көліктердің жүруіне кедергі келтіргенін көруге болады. Бұған қоса қарсы бақытқа шығып кеткен.

Полицейлер осы видео жөнінде пікір білдірді.

"Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, құқықбұзушы міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады. Сонымен қатар мұндай өрескел әрекетке жол берілмейтінін және жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін атап өтеміз", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2086643-almatyda-zolda-koligimen-qauipti-manevr-zasagan-zurgizusi-izdestirilip-zatyr-video/

pixel