Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл бойы халықаралық іздеуде болған": Астанада адам саудасы үшін күдікке ілінген азамат ұсталды

Опубликовано:

Іздеуде болған күдікті ұсталды
Іздеуде болған күдікті ұсталды. Видеодан кадр: Instagram/police__astana

Елордалық полицейлер 10 жыл бойы халықаралық іздеуде болған Өзбекстан азаматын ұстады. Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды Астана ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, Астана полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған ер адамды ұстаған.

"Бөгет" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматы 10 жыл бойы адам саудасы үшін іздеуде болған. Қылмыскерді іздестіру бастамашысы Ташкент облысы ІІБ", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2086664-10-zyl-boiy-xalyqaralyq-izdeude-bolgan-astanada-adam-saudasy-usin-kudikke-ilingen-azamat-ustaldy/