Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы автобус апаты: жәбірленуші тарап 40 млн теңге талап етуде

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Оқиға орны: KAZ.NUR.KZ / Юлия Абрамова

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Жәбірленуші тарап 40 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуді талап етуде, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Сот отырысы барысында жәбірленуші тараптың адвокаты жаңа талаптарды тізіп шықты. Көз жұмған азаматтардың жақындары "ДуманТранс" компаниясының, көлік жүргізушісі Ермек Шөкебаеваның және сотталушы Дархан Ахметжановтың азаматтық кодекстің "бірлесіп келтірілген зиян" бабы бойынша 40 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндеттелуін сұрап отыр.

"Автобус жүргізушісі Шөкебаеваға қатысты қылмыстық істің қысқарылғанымен азаматтық талап бойынша біз сол автобустың иесі “ДуманТрансқа” және соның жүргізушісі Шөкебаеваға моральдік шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыз бере аламыз ", - деді жәбірленуші тараптың қорғаушысы Айтынғали Табылдин. 

Сонымен қатар сот отырысы барысында сол күні автобус ішінде болған куәгерлерден жауап алынды. Анасының рұқсатын алған соң, сот залына кәмелетке толмаған жігіт шақырылып, көлік жүргізушісі мен сотталушының арасында болған жанжалдың мән-жайын түсіндірді. Сондай-ақ куәгер Ермек Шөкебаеваның толық есінен танып қалғанын жоққа шығарды. Сөзінше, жүргізуші абыр-сабыр басталғанда оған "тежегішті бас" деген екен.

"Бұл кісі ортаңғы есікпен түсіп кетпекші болды. Ал жүргізуші алдыңғы есіктен шығып, чек көрсетуін талап етті.  Бұл кісі чекті көрсете алмады. Көп нәрсе айтылды негізі осы жерден түсіріп кет, болмаса мен сені үйтемін дегендей. Жүргізуші қолыңнан келсе істеп көр деп қарсы айтты" , - деді куәгер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2086685-almatydagy-avtobus-apaty-zabirlenusi-tarap-40-mln-tenge-talap-etude/