Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 11 жастағы қыз қараусыз қалған зауыттың үшінші қабатынан құлап кетті

Опубликовано:

Жасөспірім
Жасөспірім қыз. Көрнекі фото: Рixabay.com

Шымкентте 11 жасар қыз балалармен бірге ойнап жүріп қараусыз қалған зауыттың үшінші қабатынан құлап кетті. Дәрігерлер қазір оқушы қыз жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, оқиға 16 сәуірде болған. Зауыт аумағында ойнап жүрген кезде 5 қабатты ғимараттың үшінші қабатынан 2013 жылы туылған қыз құлап түскен. Оған төтенше жағдай қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті.

"Оқиға орнына ТЖ департаментінің 3 адамы және қарауыл бастығы а.қ. капитаны Қ. Дүйсенов шыққан. Жедел жәрдем келгенге дейін төтенше жағдай қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Қазіргі таңда зардап шеккен қызды жедел жәрдем қызметкерлері "ашық аяқ сынығы" диагнозымен ауруханаға жатқызды. Шымкент қаласы ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды", - Шымкент қаласы 2 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Ерсұлтан Әбілдабек.

Жасөспірім дереу балалар ауруханасына жеткізіліп, нейрохирург, травматолог, хирург, реаниматолог дәрігерлері тексеріп, жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, ота жасалған.

"Жансақтау бөлімінде емдеу хаттамасына сәйкес лабораторлы және инструменталды тексерулер жүргізіліп, шокқа қарсы ем тағайындалды. Науқасқа "Қосарланған жарақат. Ми шайқалуы. Маңдай аймағының тері асты гематомасы және соғылуы. Оң жақ сан сүйегінің ортаңғы 1/3 бөлінінің ашық сынуы. Оң жақ тізе буыны аймағының соққыланған жарасы" диагнозы қойылды", - деді жарақат бөлімінің меңгерушісі Болат Нұсқабаев.

Дәрігерлердің сөзінше, қазір 11 жастағы қыз жансақтау бөліміне ауыстырылды, оның жағдайы жіті бақылауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2086802-symkentte-11-zastagy-qyz-qarausyz-qalgan-zauyttyn-usinsi-qabatynan-qulap-ketti/

pixel