Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде аялдаманың шатыры опырылып, үш адам ауруханаға түсті (видео)

Опубликовано:

Ақтөбедегі аялдама
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/diapazonnews

Бүгін кешке Ақтөбеде жарнама тақтайшасын орнату кезінде аялдама шатыры құлап түсті. Үш әйел жарақат алды, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.

Ақтөбе облыстық полиция басқармасының мәліметінше, оқиға бүгін Ә. Молдағұлова даңғылында "Золотой квартал" тұрғын үй кешені ауданында болған.

Аялдаманың шатырына жарнамалық тақтайша орнату кезінде оның бір бөлігі опырылып түскен. Шатырдың опырылған бөліктері автобус күтіп тұрған үш әйелдің үстіне құлаған.

"Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады полициядағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2086814-aqtobede-ayaldamanyn-satyry-opyrylyp-us-adam-auruxanaga-tusti-video/

pixel