Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы сауда үйінде өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Өртті сөндіру жұмыстары
Өрт сөндірушілер. Видеодан кадр: instagram.com/petro_smi

Петропавлда сауда үйінде өрт шықты. Өрттің ауданы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Осы минуттарда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында 2 қабатты сауда үйінде өрт болып жатыр. Өрт сөндірушілер қызметкерлерді баспалдақ маршымен эвакуациялауда", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша, өрттің ауданы анықталып жатыр.

Бір сағаттан астам уақыт бойы солтүстіктің өрт сөндірушілері 100 шаршы метр аумақтағы сауда үйіндегі өртті жойды. Баспалдақ маршымен 40 адам эвакуацияланды.

Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087123-petropavldagy-sauda-uiinde-ort-syqty-video/

pixel