Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз біреу елордалық мектепте атыс шығаратынын мәлімдеді: полицейлер жазбаға жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сынып
Сынып. Көрнекі фото: pixabay.com

Белгісіз біреулер әлеуметтік желіде Астанадағы мектептердің бірінде атыс болатыны туралы хабарламалар жариялады. Полицейлер осы жайтқа түсініктеме берді, деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Telegram-да бір арна пайда болды, оның авторы 19 сәуірде елордалық мектептердің бірінде атыс шығаратынын мәлімдеді.

Астана полиция департаменті тілшімізге бұл жазба шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Лаңкестік актісі әзірленіп жатқаны туралы көрінеу жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың АЕК (18 миллион теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылғанын еске саламыз", - делінген құқық қорғау органы хабарламасында.

Еске сала кетсек, 13 ақпанда Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке "шабуыл жасайтыны" жайлы хабар таратқан болатын. Осыдан кейін өңірдегі барлық мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Көп ұзамай облыстық полицейлер терроризм туралы хабарлама таратқан адамды ұстады. Ол 13 жастағы бала болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087447-belgisiz-bireu-elordalyq-mektepte-atys-sygaratynyn-malimdedi-policeiler-zazbaga-zauap-berdi/