Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке шабуыл жасалатынын хабарлады: полиция пікір білдірді

Опубликовано:

мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қарағандыда белгісіз біреулер мектепке "шабуыл жасайтыны" жайлы хабар таратқан. Қазір өңірдегі барлық мектепте қауіпсіздік шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Таңертең қарағандылықтарға белгісіз біреулер мектепке шабуыл жасалатыны және кемі 700 құрбан болатыны жайлы ақпарат таратқан.

Полицейлер жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта бұл ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтау мақсатында құзырлы органдармен бірлесіп, жедел іс-шаралар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылаудың жүргізілуіне және мектеп маңында полицияның болуына ерекше назар аударылады", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, Telegram желісінде авторы Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасайтынын мәлімдеген арна пайда болған еді. Кейін облыстық полиция жазба авторлары іздестіріліп жатқанын, тергеу басталғанын мәлімдеді.

Елдің үрейін ұшырған ақпараттан соң Оқу-ағарту министрлігі өкілдері оқушылар мен ата-аналарды сабырға шақырды. Ведомство өкілі балалардың қауіпсіздігі үшін барлық жағдай жасалатынын айтты.

Одан бөлек, облыс әкімі Асхат Шахаров та қаладағы бірқатар мектепті (№21, 27, 32 мектеп) аралап, үрейге бой алдыруға ешқандай себеп жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар дәл осындай ақпарат Павлодарда да таралды. Мұнда да бәзбіреулер "мектепке шабуыл жасайтынын" айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2060443-qaragandyda-belgisiz-bireuler-mektepke-sabuyl-zasaitynyn-aitty/

pixel