Алматы облысында полиция инспекторына оқ атқан тұрғын ұсталды
Жарияланған күні:
17 сәуірде Алматы облысындағы елді мекендердің бірінде учаскелік полиция инспекторына оқ атылып, жарақат алды. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, Еңбекшіқазақ аудандық ПБ учаскелік полиция инспекторының қолы жараланған.
"Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты: Ол алкогольге мас күйде полицияға жеткізіліп, ұсталды, қару тәркіленді", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті өкілдері.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, ұсталған азаматтың әрекетінен қылмыстық құқықбұзушылық, тәртіп сақшысының өміріне қолсұғушылық белгілері анықталған.
"Факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2087930-almaty-oblysynda-policiya-inspektoryna-oq-atqan-turgyn-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.