Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте көшенің ортасында көлік өртенді (видео)

Опубликовано:

Өртенген көлік
Өртенген көлік. Видеодан кадр: instagram.com/shymkent_tjd

Шымкенттегі көшелердің бірінде құтқарушылар жол бойында өртенген BMW көлігін сөндіріп үлгерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл жайт Шымкенттегі Қаратау ауданында болған.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамының 12 қызметкері және 2 техникасы жұмылдырылды.

"Қаратау ауданында Н.Назарбаев даңғылы мен Шаяхметов көшесінің қиылысында BMW маркалы жеңіл автокөліктің салоны және мотор бөлігінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер өртті толық сөндірді, зардап шеккендер жоқ", - делінген Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасының хабарламасында.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында өрт болған жағдайда не істеу керегі жазылған. Құтқарушылар өрттің алғашқы белгісі анықталып, түтін иісі сезілгенде 101 нөмірі арқылы өрт сөндіру қызметіне немесе 112 нөмірі арқылы құтқару қызметіне хабарласуды ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2088389-symkentte-kosenin-ortasynda-kolik-ortendi-video/

pixel