Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда қайтадан Жайық өзені тасып, саяжайларды су басты (видео)

Опубликовано:

Оралдағы саяжайларды су басты
Оралдағы саяжайларды су басты. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

21 сәуірде Оралда қайтадан Жайық өзені тасып, қала маңындағы саяжай аумақтарын су басты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство ақпараты бойынша, бүгін Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты жер білігі арқылы су жүрген.

Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басқан.

"БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келді. Адамдар алдын ала эвакуацияланған. Алайда жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар", - делінген хабарламада.

Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқарып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2088440-oralda-ozen-tasyp-sayazailardy-su-basty/

pixel