jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    "Көлігін басқара алмай қалған": Астанада ірі жол апаты болды (видео)

    Бір-біріне соқтығысқан көліктер
    Бір-біріне соқтығысқан көліктер. Видеодан кадр: instagram/astana_brothers

    Желіде елордадағы ірі жол апатының видеосы тарады. Алдын ала болжам бойынша жол апаты Астанадағы көпірде болған. Жайтқа қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Astana_brothers Instagram аккаунтында жарияланған видеодан көпір үстінде бірінен соң бірі тізіліп тұрған көліктерді көруге болады. Видеоға қарағанда, жол апаты кешкі уақытта болған.

    Жол апаты түсірілген видеоға жазба астында Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген.

    "Биыл 20 сәуірде Тұран даңғылында (2/1 үйге қарама-қарсы) BMW автокөлігін жүргізіп келе жатқан 30 жастағы жүргізуші кедергіге тап болып, көлігін басқара алмай, Toyota Highlander, Mazda көліктерімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", - делінген полиция хабарламасында.

    Ведомство ақпаратына сүйенсек, аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

    "Көлігін басқара алмай қалған": Астанада ірі жол апаты болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.