Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы аудандардың бірінде құрғақ шөп өртенді (фото)

Жарияланған күні:

Алматы облысындағы өртке оранған құрғақ шөп
Өртке оранған құрғақ шөп. Фото: t.me/qr_tjm

Бүгін Алматы облысы Балқаш ауданындағы "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватында" құрғақ шөп өртенді. Өрт сөндірушілер жазық даланы қаулаған жалынмен күресіп отыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Министрлік ақпараты бойынша, Балқаш ауданында "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртке оранған.

Өртті сөндіру мақсатында "Қазавиақұтқару" АҚ күштері әуеден 53 рет 159 тонна су төкті.

Алдын ала болжам бойынша өрт ауданы – 18 гектар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, қиын батпақты жерлер мен бағыты үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің салдарынан өрт ошақтарын сөндіру қиынға соғып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК Қазақстандағы өрт қаупі болжамына арналған брифингте биыл жазда елдегі ауа райы қандай болатынын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2088584-almaty-oblysyndagy-audandardyn-birinde-qurgaq-sop-ortendi-foto/