Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан соң өрт шығу қаупі бар: жазда табиғи сипаттағы төтенше жағдай болуы мүмкін

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" Қазақстандағы өрт қаупі болжамына арналған брифингте биыл жазда елдегі ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, гидрометеорологиялық қызмет өрттің қашан, қай жерде болатынын болжамайды. Тек өрт қаупі туындауы мүмкін жағдайларды болжайды. Яғни егер елде ұзақ уақыт бойы жаңбыр жаумаса және температура жоғары болса, өрттің шығу қаупі артады.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, 15 сәуірден 15 қазанға дейін, яғни қар жамылғысы еріген сәттен бастап тұрақты жаңбырлы ауа райы басталғанға дейін өрт қаупі жоғары болмақ.

Өрт қаупі дәрежесін сипаттаудың 5 денгейі бар:

  • Өрт қаупі жоқ;
  • Өрт қаупі шағын;
  • Өрт қаупі орташа;
  • Өрт қаупі жоғары;
  • Өрт қаупі бойынша төтенше жағдай.

Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, мамыр мен жаз айларында жауын-шашын нормадан төмен және норма шамасында болады деп күтіледі.

Бұл ретте өрт шығу қаупі 4-ші (жоғары) және 5-ші (төтенше жағдай) деңгейге жетпек.

"2024 жылғы мамыр мен жазға арналған консультативтік ауа райы болжамын және 2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдауды ескере отырып, мамыр мен жаз айларында республиканың басым бөлігінде жоғары және төтенше жағдай дәрежесіндегі өрт қаупі бар.

Жазға және өрт қауіпіне арналған болжамдар онкүндікке, аптаға және 2-3 тәулікке арналған болжамдармен нақтыланады. Жоғары және төтенше жағдай дәрежесіндегі өрт қаупіне жеткен жағдайда дауылдыұ ескертулер жарияланады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087750-su-tasqynynan-son-ort-sygu-qaupi-bar-zazda-tabigi-sipattagy-totense-zagdai-boluy-mumkin/

pixel