Ақтөбеде кісі өлтірді деген күдікті полиция қызметкерін жарақаттап, көлігімен қашып кетті
Жарияланған күні:
Бүгін, 22 сәуірде Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен әйел адамның денесі табылды. Марқұмның денесінде көптеген пышақ жарақаты мен зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар. Полиция танысын өлтірді деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, күдікті ұстау кезінде полицияға қарсылық көрсетіп, қызметкердің бірін жарақаттап, оғиға орнынан қашып кеткен.
"Қудалау кезінде күдікті бірнеше автокөлікке соғылып, Ақтөбе-Болгарка автожолында аударылды. Күдікті ұсталды. Кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2088926-aqtobede-kisi-oltirdi-degen-kudikti-policiya-qyzmetkerin-zaraqattap-koligimen-qasyp-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.