Теміртауда 20 күн бұрын жоғалған балықшы өлі табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысындағы Самарқан су қоймасында жоғалған балықшыны іздеу жұмыстары 31 наурызда басталған. Бүгін ер адам өлі табылғаны белгілі болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері хабарлады, деп жазады Ekaraganda.kz басылымы.
Басылым мәліметінше, 19 сәуірде құтқарушылар Самарқан су қоймасының бірінші жағалаудағы сорғы станциясы ауданында ер адамның денесін тапқан.
Балық аулауға шыққан ер адам уақытында үйіне оралмаған, оны іздеу 20 күннен астам уақытқа созылған. Жоғалған адамды іздеуге құтқарушылар мен еріктілер қатысты.
Бұл туралы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
"Теміртау қаласындағы Самарқан су қоймасы, "Изба" демалыс аймағында 19 сәуірде сағат 12.20-да төтенше жағдайлар қызметінің күштері қамыс арасындағы су бетіне қалқып шыққан 1960 жылы туған ер адамның денесін тапты", - деп хабарлады департаменттегілер.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2089796-temirtauda-20-kun-buryn-zogalgan-balyqsy-oli-tabyldy/