Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда үйдің қабырғасы құлап, ер адам мерт болды

Опубликовано:

Ер адам
Ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Петропавлда ер адам жеке тұрғын үйді бұзып жатқанда, үйдің қабырғасы құлап кеткен. Салдарынан ер адам қаза тапты, деп хабарлайды СҚО полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуірде түстен кейін сағат 15.05-те Петропавлдағы Партизанская көшесінде 49 жастағы ер адамды үйдің қабырғасы басып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Ер адам оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады СҚО полиция департаменті өкілдері.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде бұл факт "Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2090105-petropavlda-uidin-qabyrgasy-qulap-er-adam-mert-boldy/

pixel