Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұршақ жауып, ағаштар құлап жатыр (видео)

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Алматыда синоптиктердің ескертулері аясында қатты жел тұрып, жаңбыр жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райының кадрларын бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оңтүстік астанада ауа райы түстен бастап құбылды. Бірақ 17:00-ден кейін қалада күн күркіреп, жел күшейе түсті.

Қала тұрғындары бөліскен кадрлардан байқасақ, кей жерде бұршақ та жауып тұр.

Осыған дейін әкімдік Алматыда жаңбыр сәуірдің 24-нен 28-не дейін үзіліспен жауатынын хабарлаған еді.

Қала әкімшілігі жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес берді.

Ал қала тұрғындарынан тауларға барудан бас тартуды және арықтарды, нөсер ағындары мен арналарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұрады.

"Қазгидромет" хабарлауынша, республика бойынша тек жаңбыр емес, ауа райының күрт салқындауы күтілуде. Кей жерлерде термометр бағаны 8 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2090561-almatyda-burshaq-zhauyp-agashtar-qulap-zhatyr-video/

pixel