Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік тізгіндеген бала видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Көлік тізгінінде бала отыр
Көлік тізгініндегі бала. Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_akimat

Желіде Алматы көшелерінің бірінде түсірілген видео тарады – бейнежазбадан көлік тізгініндегі кішкентай баланы байқауға болады. Полицейлер бұл жайтты тексеріп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы kris_p_akimat парақшасындажарияланды. Бейнежазбадан ақ түсті Hyundai көлігінің рулін ұстап отырған баланы көруге болады, бала көлік жүргізушісінің тізесінде отырған болуы керек.

Автордың мәлімдеуінше, бұл көлікті Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойымен келе жатқан куәгерлер байқап қалған.

Бұл жайтқа Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"Алматы қалалық полиция департаменті бұл факт бойынша жергілікті полиция қызметінің жедел-іздестіру бөлімі тексеру жүргізіп жатқанын хабарлайды. Баланың көлік жүргізуіне жол берген жауапсыз ата-ана міндетті түрде анықталып, жауапқа тартылады.

Осы сәтті пайдалана отырып, Алматы полициясы тағы да жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жауапкершілік деңгейін арттыру талабын еске салады.

Жол қателікті кешірмейтінін есте сақтаңыз!" - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2090588-almatyda-kolik-tizginindegi-bala-videoga-tusip-qaldy/

pixel