Алматыда есірткі притоны анықталды
Жарияланған күні:
Алматыда пәтерінде есірткі қоймасын ұйымдастырды деген күдікпен ер адам ұсталды. Есірткі қоймасы жойылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, пәтерде ұйымдастырылған қойманы есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлерлері жойған.
"Әуезов ауданының тұрғындарының бірі өзінің пәтерінде есірткі заты – героинді қолдану үшін үй-жай беріп, есірткі притонын ұйымдастырған.
Пәтерді тінту кезінде электронды таразылар, пайдаланылмаған шприцтер, құрамында өсімдік тектес және ұнтақ түріндегі заттары бар байламдар табылып, тәркіленді", - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
ІІМ өкілдері бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын және сот-химиялық сараптама тағайындалғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091179-almatyda-esirtki-pritony-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.