Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Каспий теңізінің жағасында 79 итбалықтың өлексесі табылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
итбалық
Көрнекі фото: pixabay.com

Сәуірдің 23-і мен 25-і аралығында мамандар Каспий теңізінің жағалауында 79 өлі итбалықты тапқан. Жануарлардың өлексесі шіріп кеткені анықталды, деп хабарлайды Lada.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 сәуірде Каспий жағалауында 12 итбалықтың өлексесі табылды.

"Итбалықтардың өлексесі қатты шіріп кеткендіктен олар қыс мезгілінде өліп қалды деген тұжырым жасауға болады. Демек осы уақытқа дейін жануарлардың өлекселері суда болған", - деді Маңғыстау облысы балық инспекциясы басқармасының Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз қызметінде.

Мамандар оқиға орнына барып, сараптама жасау үшін сынама алды.

Сондай-ақ ведомство ақпараты бойынша, 23 және 24 сәуірде 67 итбалықтың өлексесі табылған, олар да шіріген күйде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091713-kaspii-tengizining-zhagasynda-79-itbalyqtyng-oleksesi-tabyldy/