Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Уақыт өткізу үшін үйіне шақырған": Павлодарда ер адам интернетте бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылды

Опубликовано:

Әйел мен ер адам
Әйел мен ер адам. Көрнекі фото: Courtney Hale / Getty Images

Павлодар облысында жергілікті тұрғын интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, мүлкінен айырылып қалған. Қылмыстық іс сотқа жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Ведомство ақпараты бойынша, қалалық полиция бөліміне павлодарлық тұрғын шағыммен жүгінген.

Ер адамның айтуынша, ол интернетте белгісіз бойжеткенмен танысып, бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған, бірақ бойжеткен ер адамның үйінен кеткеннен кейін Samsung маркалы ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған.

Күдіктінің белгілерін алғаннан кейін полицейлер "қонақтың" жеке басы мен орналасқан жерін анықтаған.

"Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал ұялы телефонын ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді", - делінген Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тәртіп сақшыларының сөзіне сенсек, ұялы телефон ұрлығы бойынша қылмыстардың 59 пайызын бұрынғы таныстар немесе қонаққа келген адамдар жасайды. Олар үй иесінің сенімін пайдаланып, үйден шығарда белгілі бір мүлкін ұрлайды екен.

Осыған байланысты полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091749-uaqyt-otkizu-ushin-uiine-shaqyrgan-pavlodar-oblysynda-er-adam-internette-boizhetkenmen-tanysyp-mulkinen-aiyryldy/

pixel