Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетіп, мерт болды

Опубликовано:

полиция
Оқиға орнына келген полиция. Фото: lada.kz

Оқиға 25 сәуір күні Ақтаудағы 17-шағын ауданда болған. Көпқабатты үйлердің бірінде бала 5-қабаттың терезесінен құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы оқиға 25 сәуір күні кешкі сағат 18.00 шамасында Ақтау қаласының 17-шағын ауданындағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болған.

Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті.

"Алған жарақатынан бала оқиға орнында қайтыс болды, оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінен.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтөбедегі көпқабатты үйдің балкон терезесінен аяғын салбыратып отырған баланың видеосы тараған болатын. Оқиға куәгерлері полиция шақырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2091992-aqtauda-bala-5-qabattyng-terezesinen-qulap-ketip-mert-boldy/

pixel