Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында 200 тоннадан астам шөп жанып кетті (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіру жұмысы
Өрт сөндіру жұмысы. Фото: t.me/qr_tjm

Кеше, 28 сәуірде Атырау облысының Құрманғазы ауданында ірі өрт болды – 200 тоннадан астам шөп өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өрт шыққаны жайында кешкі сағат 9 шамасында белгілі болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланғандай, Қаракөл ауылының шетінде ашық аумақ өртенген. Зардап шеккендер жоқ. Мал қауіпсіз жерге айдалған.

250 тоннаға жуық шөп қызыл жалынға оранды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сағат 04:32-де жойылды. Өрт 440 шаршы метр аумақты шарпыған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2092634-atyrau-oblysynda-200-tonnadan-astam-shop-zhanyp-ketti-video/

pixel