Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оқиға орнында мерт болған": Петропавлда полиция қызметкерін қағып кеткен күдікті іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Полиция көлігі
Полиция көлігіндегі жарық сигналы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

28 сәуірде Петропавлда облыстық полиция департаменті жетінші басқармасының басшысын көлік қағып мерт қылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратқа СҚО полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Полиция қызметкері қаза болғаны туралы мәлімет Telegram-дағы Egov.press арнасында жарияланды. Хабарламада Петропавл қаласында облыстық полиция департаментінің жетінші басқармасының бастығын көлік қағып, мерт қылғаны айтылған. Көптеген жарақаты бар полицейдің денесі қаладағы дәмханалардың бірінің жанынан табылған.

Бұл жайтқа Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді.

"Сәуірдің 28-і күні республикалық маңызы бар Челябі – Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасын жасаған көлік жүргізушісін анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген полиция өкілдерінің мәлімдемесінде.

Сондай-ақ СҚО полиция департаментінің өкілдері көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2092655-oqiga-ornynda-mert-bolgan-petropavlda-politsiia-qyzmetkerin-qagyp-ketken-kudikti-izdestirilip-zhatyr/