Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген

Опубликовано:

Жол-көлік апаты болған жер
Жол-көлік апатына ұшыраған көліктер. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысындағы Екатеринбург-Алматы тас жолының 1099-шы шақырымында жол апаты болды. Салдарынан 5 адам қаза тапты. Полицейлердің айтуынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

28 сәуірде сағат 23:51 шамасында Астрахан ауданы Жалтыр ауылының маңында Атбасар қаласы бағытында келе жатқан Mercedes-Benz E200 маркалы көлік пен Жақсы ауылынан Астана бағытында келе жатқан "ВАЗ-2107" көлігі соқтығысты. "Мерседес-Бенц" көлігін Жарқайың ауданының 29 жастағы тұрғыны басқарғаны анықталды.

Жол-көлік апатының салдарынан 5 адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам әр түрлі ауырлықтағы дене жарақатын алған.

Аталған дерек бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

Сондай-ақ Ақмола облысының полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2092844-aqmola-oblysynda-zhol-apatynan-bes-adam-qaza-tapty-tagy-ekeui-auruhanaga-zhetkizilgen/