Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жер үйге қасқыр кіріп, адамдарға шабуыл жасады

Опубликовано:

қасқыр
Қасқыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Быково ауылында қасқыр жер үйге кіріп, ер адамды шапты. Жергілікті тұрғындар жыртқыш аңды жойды, деп хабарлайды Алтай ауданы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің ресми Instagram парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, бұл жайт 28 сәуірде Алтай ауданының Быково ауылында болған. Қасқыр жер үй верандасының құлыпсыз тұрған есігінен кірген.

"Үй иесі оны қуып шығуға тырысқан, бірақ қасқыр үй аумағында жұмыс істеп жүрген адамды шабуыл жасаған. Содан кейін қасқыр екі итті талап тастады. Быково ауылының тұрғындары жиналып, қасқырдың ізіне түсіп, оның көзін құртты", - делінген аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қасқыр жалғыз болмауы мүмкін деген күдікпен 29 сәуірде Нижнее Быково ықшамауданында тұратын 10 оқушы қашықтан оқытуға көшірілді.

"Жергілікті атқарушы органдар, ветеринариялық қызмет пен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметшілері қазіргі уақытта тұрғындар ауыр зардап шекпегенін әрі малдар аман екенін айтты. Арнайы іс-шаралар барысында қасқыр тістеген тұрғыннан сынама алынып, сараптамаға жіберілді", - деп атап өтті әкімдікте.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда ауылда жағдай тұрақталды, балалар әдеттегідей білім алып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2093531-shqo-da-zher-uige-qasqyr-kirip-adamdarga-shabuyl-zhasady/

pixel