Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының тұрғыны әйелін аяусыз ұрып-соққан деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында әйелін аяусыз қинаған деп күдікке ілінген ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әлеуметтік желіде 27 жастағы әйел соққыға жығылғаны фотоматериалдармен расталған ақпарат тартады. Жазба авторы келіншектің денесінің пышақпен тілгіленген, көгерген, жараланған суреттерін жариялады.

Жәбірленушінің анасы бұған күйеу баласын айыптап отыр. Әйелдің айтуынша, кейінгі бірнеше жылда қызы қатты соққы салдарынан ауруханаға жиі түскен.

Әйел өзінің бейнеүндеуінде абьюзер күйеу баласының әкесі құқық қорғау органдарында басшылық қызмет атқаратынын, сондықтан оны сотқа бергенімен, жазған арызы діттеген жеріне жетпейтінін айтады.

Облыстық полицейлер бұл ақпарат бірден бақылауға алынғанын хабарлады. Ер адамның әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы "Қинау" бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері анықталған.

Тәртіп сақшылары жас ерлі-зайыптылар арасындағы оқиға 21 сәуірде Қонаевтағы демалыс орындарының бірінде болғанын анықтады.

"Қинау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар қылмыстық істің тергелуі облыстық департаменттің бақылауына алынғанын айтып, сендірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2094734-almaty-oblysynyng-turgyny-aielin-aiausyz-uryp-soqqan-degen-kudikke-ilindi/

pixel