Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда 1 мамырға қараған түні жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылған. Күдікті ұсталды, деп жазады "Ақ Жайық" басылымы.

Басылымға полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ретінде 20 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынған.

"Атырауда 1 мамырда түнгі сағат 3:40 шамасында жедел жәрдем қызметінің фельдшерін ұрып-соққан 20 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

Наркологиялық тексеру нәтижесінде күдіктінің жеңіл дәрежелі мас екені анықталды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, 27 қаңтарда Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісі соққыға жығылғанын жазған едік.

1 ақпанда Бас прокуратура күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

Кейінірек Ішкі істер министрлігі күдіктінің ұсталған сәтінен видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2094761-atyrauda-zhedel-zhardem-feldsheri-soqqyga-zhygyldy/

pixel