Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед жүргізушісі жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға орны. Видеодан кадр: Instagram/ 100baksoff_original

Алматы қаласы Алмалы ауданында мопедші жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалды. Аталған фактіге қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Instagram желісіндегі 100baksoff_original парақшасында мопед пен жеңіл автокөлік соқтығысып қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы 06:30-да Алмалы ауданында болғанын хабарлады.

"Mercedes маркалы көлігінің жүргізуші мен мопедші Райымбек даңғылының бойымен бір бағытта кетіп бара жатқан. Төретай көшесімен қиылыста ара-қашықтық сақтамаған мопедші Mercedes көлігінің артқы бөлігіне соғылған.

Салдарынан дене жарақаттарын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2094959-almatyda-moped-zhurgizushisi-zhengil-avtokolikpen-soqtygysyp-qaldy-video/

pixel