Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында тасжолда көлік апаты болып, бес адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік: Қарағанды облысы полиция департаменті

3 мамырда Қарағанды – Балқаш тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, бір көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Ақсу Аюлы кентіне жетпей "Рено" жүк көлігімен "Тойота" автокөлігі бір-біріне соғылған.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі және оның төрт жолаушысы оқиға орынында қайтыс болды. Жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері кезінде оқиғаның мән-жайы және жол-көлік оқиғасына кінәлілер анықталатын болады", - делінген Қарағанды облыстық полиция департаментінің өкілдері таратқан хабарламада.

Ведомство өкілдері жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмауды және жол жүру ережесін қатаң сақтауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095412-qaragandy-oblysynda-taszholda-kolik-apaty-bolyp-bes-adam-qaza-tapty/

pixel