Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде құрылыс материалдары бар қойма өртке оранды (видео)

Опубликовано:

Өртке оранған қойма
Өртке оранған қойма. Видеодан кадр: t.me/qr_tjm

Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталатын қоймада өрт шықты. Желіде көкке көтерілген қою түтіннің видеосы пайда болды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жетті, деп хабарлайды ТЖМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство ақпараты бойынша, Ақтөбеде құрылыс материалдары сақталған қойма жанып жатыр.

"Оқиға орнында жоғары дәреже бойынша Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен қызметкерлері жұмыс істеп отыр", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, өртті сөндіруге 60 ТЖД қызметкері мен 10 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылған.

Өрт ауданы анықталып отыр.

Сондай-ақ желіде өрт салдарынан көкке шарпыған қою түтіннің видеосы тарап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095595-aqtobede-qurylys-materialdary-bar-qoima-ortke-orandy/

pixel