Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында Ан-2 ұшағы суға қонуға мәжбүр болды

Опубликовано:

Ан-2 ұшағы
Ан-2 ұшағы. Көрнекі фото: pxhere.com

Қостанай облысында санитариялық рейс бойынша ұшып шыққан Ан-2 ұшағы күрт төмендеп, суға қонуға мәжбүр болды. Ұшақтың ішінде 5 адам болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Бүгін Арқалық-Ақсұңқар (Қостанай) рейсін орындаған №AK31224 Ан-2 санитариялық ұшағы сағат 16:10-да көкке көтеріліп, кейін күрт төмендей бастаған. Салдарынан ұшақ тоғанға қонуға мәжбүр болған.

Ведомство дерегінше, ұшақтың мемлекеттік тіркеу нөмірі UP-A0124. Ол "Навигатор" әуекомпаниясына тиесілі. Апат кезінде ұшақта 2 экипаж мүшесі мен 3 қызметкер жолаушы болған.

"Барлық жолаушы мен экипаж мүшесі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Арқалық қалалық ауруханаға эвакуацияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тексеру жөніндегі департаменттің қызметкерлері жіберілген.

"Бұл төтенше жағдай авиациялық оқиғаға жатады және оны тек азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган тергей алады. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында комиссия құрылды", - деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметіне сүейнсек, әуе апаты неліктен болғаны және оқыс оқиғаның өзге де мән-жайы анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095604-qostanai-oblysynda-ushaq-kenet-qulai-zhonelip-su-betine-qondy/

pixel