Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайық өзеніндегі су деңгейі тағы көтерілді

Опубликовано:

Атырау облысындағы су тасқыны
Атырау облысындағы су тасқыны. Видеодан кадр: instagram.com/atyrau_tjd

Атырау облысы Индер ауданында Жайық өзеніндегі су деңгейін тәулік бойы бақылау жұмыстары жалғасып отыр. Күндіз су деңгейі 38 сантиметрге көтерілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, 3 мамырдағы жағдай бойынша Индер ауданында Жайық өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 38 см көтерілген.

Бүгінгі таңда Индер ауданында Жайық өзенінің су деңгейі 788 см, ал қауіпті деңгейі – 845 см.

"Су басу қаупінің алдын алу мақсатында Индер ауданында жоспарланған 30 шақырым аумақта бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды.

Жалпы 955 адам, 134 бірлік техника жұмылдырылып, 10 жүзу құралы, 30 су сору құралы дайындыққа келтірілді", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, Индер ауданындағы ахуал қатаң бақылауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095661-zhaiyq-ozenindegi-su-denggeii-tagy-koterildi/

pixel