Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында екі әкімдіктің қызметкерлері 89 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

Жарияланған күні:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодарда 90 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын алаяқтық жолмен жымқырған бес экс-шенеунік сотталды. Бұл туралы Павлодар облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook-тегі ресми аккаунтында жарияланған ақпарат бойынша, кеше, яғни 3 мамырда Павлодар қаласының № 2 соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша А.Г., М.А., Б.А., Ж.А. және А.А. адамдар тобына қатысты қылмыстық істі қысқартылған тәртіпте қарады.

"2022 жылғы тамыздан 2023 жылғы қыркүйекке дейінгі кезеңде Павлодар қаласы әкімдігінің және Павлодар ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері А.Г., М.А., Б.А., Ж.А., А.А., қызметтік бабын пайдалана отырып, мүгедектердің жеке көмекшілерінің жұмысы үшін заңсыз ақы төлеу арқылы бюджеттен 89 миллионнан астам теңгені жымқырған", - дейді сот өкілдері.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, құжаттамалық және заттай дәлелдемелермен, сондай-ақ сараптамалық қорытындылармен дәлелденген.

Сот мына жайттарды ескерген:

  • кінәсін толық мойындау;
  • шын ниетпен өкіну;
  • іс бойынша келтірілген залалды ерікті түрде өтеу;
  • А.Г., А.А., Ж.А., Б.А.-ның жас балаларының болуы;
  • М.А.-ның айыбын мойындап келуі;
  • қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға белсенді көмек көрсетуі;
  • тұрғылықты жері бойынша жағымды сипатталулары.

"Сот қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін айтарлықтай төмендететін, осы аталған жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, кінәлі тұлғаларға Қылмыстық кодекстің 55-бабының 4-бөлігі негізінде әртүрлі мерзімге 3 жыл 6 айдан бастап 5 жыл 6 айға дейін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны тағайындады", - делінген сот хабарламасында.

Сотталғандарға жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылау, мәжбүрлі еңбекке тарту және міндеттер белгіленген.

Сондай-ақ сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2095694-pavlodar-oblysynda-eki-akimdikting-qyzmetkerleri-89-millionnan-tenggeden-astam-qarzhyny-zhymqyrgan/