Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртау маңында жол апатынан екі бала қаза тауып, 10 адам зардап шекті

Опубликовано:

Қарағандыда облысында болған жол апаты
Қарағандыда облысында болған жол апаты. Фото: Instagram/denski_blog

Қарағанды облысында Теміртау қаласының маңындағы тасжолда екі бала қаза тапты. Оқиға туралы полиция түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жолдағы қайғылы оқиға туралы журналист Денис Денски Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, жол апаты Алматы – Екатеринбург тасжолында болған: Теміртау іргесіндегі төлем пункті маңындағы жолайрықта "Тойота Камри" мен "Шевроле Нексия" соқтығысқан.

Журналистің айтуынша, "Шевроле Нексияның" кәмелетке толмаған екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан, екі көліктен тағы он адам ауруханаға жеткізілді.

Полиция өкілдері оқиғаға қатысты түсінік берді.

Олардың хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 7 мамырда сағат 17:56-да болған, сондай-ақ полиция қаза тапқандар туралы деректерді растады.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға тағы да шақырады", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2097485-temirtau-mangynda-zhol-apatynan-eki-bala-qaza-tauyp-10-adam-zardap-shekti/

pixel